$ 494.87  520.65  4.91

«30 секунд демалмай тұрдық»: маскасыз суретке түскен депутаттардың басы дауға қалды

Депутаттар түскен суретті Семейдің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы зерттеп жатыр.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Семейдің мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов жаңа шақырылым депутаттарының маскасыз және әлеуметтік қашықтықты сақтамай отырған суреттеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады paryz.kz, arnapress.kz-ке сілтеме жасап.  

Депутаттар VII шақырылған мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясында суретке түскен. Артынша ол әлеуметтік желіге тарап, қызу талқыланып кетті.

Мәслихат хатшысының айтуынша, депутаттар тек екі рет суретке түскен. Біріншісінде маскамен отырған. 

"Сосын адамдар естелік үшін маскасыз суретке түсуді сұрады. Арамызда екі-үш білікті дәрігер бар. Олар 30 секундтай демалмай тұрсақ, бірден суретке түсіріп алатынын айтты. Бұл - ешқандай заң бұзушылық емес. Біз жүріп, орнымызды ауыстырған жоқпыз. Тек масканы шешіп, суретке түсіп, қайтадан тағып алдық. Ешқандай бүлік көріп тұрған жоқпын", - дейді ол.  

Депутаттар түскен суретті Семейдің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы зерттеп жатыр.

"Біз мәслихат хатшысына қайтадан жібердік, ол жауап беруі керек. Олар бір минутқа масканы шешіп, суретке түскендерін айтады. Әрине, олай болмайды. Қазір әлеуметтік қашықтықты сақтау керек. Барлық жерде маска тағу режимі. Біз өз тарапымыздан бақылауға аламыз", - деді басқарма басшысы Берік Тілебалдин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары