$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда Ұлттық біріңғай тестілеу басталды

Тестілеу барысында қатысушылар арасында кемінде 2 метр қашықтық қамтамасыз етіліп, аудиториялардағы адамдардың саны 50%-ға қысқартылды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстанда 2021 жылдың алғашқы ұлттық біріңғай тестілеуі басталды, деп хабарлайды Stan.kz білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап. 

Бүгін еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталып, ақпанның 5-іне дейін жалғасады. Республика бойынша барлығы 143 тестілеу өткізу пунктінде 1 230 аудитория жұмыс істейді.

Қаңтар айындағы ҰБТ коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның келісімімен өтіп, карантинге байланысты түлектер тестілеуді 15 лек бойынша тапсырады.

"ҰБТ-ны 120 мыңнан астам адам тапсырады деп жоспарланып отыр. Олар 11 (12) сынып оқушылары, өткен жылы ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлер, шығармашылық білім беру бағдарламалары бойынша басқасына ауысқысы келетін студенттер", - дейді министрлік. 

Коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту мақсатында ҰБТ өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен әлеуметтік арақашықтық қатаң сақталатын болады.

Тестілеу барысында қатысушылар арасында кемінде 2 метр қашықтық қамтамасыз етіліп, аудиториялардағы адамдардың саны 50%-ға қысқартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ҰБТ #ұлттық