$ 494.87  520.65  4.91

«Түркістандағы «Rixos» қонақ үйіне 7 миллиард теңге жұмсалған» - журналист (ФОТО, ВИДЕО)

"Дәл сондай қонақүйді 2012 жылы Бурабайда да салған. Қазіргі иесі Болат Өтемұратов екен..." - дейді Асылхан Мамашұлы.

Журналист Асылхан Мамашұлы Facebook-тегі парақшасына Түркістанға аса қымбат Rixos қонақ үйі салынғанын жазды, деп хабарлады paryz.kz.

"Соған сіз бен біздің қалтамыздан 7 миллиард теңге жұмсалыпты. Ортақ қазаннан шыққан үйіміз деп, кез келген уақытта кіре берсеңіздер болады. Дәл сондай қонақүйді 2012 жылы Бурабайда да салған. Қазіргі иесі Болат Өтемұратов екен. Түркістандағысын да бір түнде біреу қолды қылып кетпесін, байқап жүріңіздер", - дейді әріптесіміз.

Оның айтуынша, журналист Аян Қалмұраттың мақаласы кешегі Навальныйдың зерттеуінен кем емес екен.

"Nur Otan партиясы төрағасының сүйікті кәсіпкерін Түркия журналисі "екі мемлекетке жабысқан кене" депті. Үйге барып, шай-пай ішіп болған соң диуанда жатып оқитын зерттеу материал", - деген Асылхан Мамашұлы, оның сілтемесін де салып қоюды ұмытпады.

Сонда атап көрсетілгендей, қазір кәсіпкер салған Түркиядағы бес жұлдызды қонақүйдің 70 пайызы Назарбаев қорына тиесілі екен.

"Мен тіркеген коллаждағы ғимараттың бәрін - "Ханшатыр", Назарбаев университеті, "Астана Арена", "Назарбаев орталығы", "Нұр әлем" сферасы, Бейбітшілік пен келісім сарайы, "Алау" мұз сарайы және басқа да зәулім нысандарды Таминже басқаратын Sembol компаниясы салған. Тек 2017 жылдың өзінде бұл компания 17 миллиард теңгеден астам салық төлеп, Қазақстанда құрылыс саласында ең көп салық төлеген компания атанды. Әшкере болған құпия құжаттарға қарағанда, Таминже басқаратын компанияның тағы бір жасырын акционері бар. Ол -Тевфик Ариф. Таразда туған Арифтің есімі 2010 жылы Түркиядағы даулы істе Қазақстандағы ықпалды тұлға, ең бай бизнесмендердің бірі Александр Машкевичпен бірге аталды. The Black Sea басылымының жазуынша, Арифтің ықпалды үштікпен байланысы және олардың Назарбаевпен жақсы қарым-қатынасы Sembol мен Rixos-тың "Қазақстанда ірі көлемдегі мемлекеттік келісім-шарттар алуына әсер еткен" болуы мүмкін", - дейді Аян Қалмұрат.

Оның сөзінше, Таминженің Қазақстандағы табысты кәсібінің тағы бір құпиясы ретінде оның Түркиядағы Назарбаевқа тиесілі қонақүй құрылысын жүргізуі де аталады. Ол туралы толығырақ мына сілтемеде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары