$ 494.87  520.65  4.91

Елжан Біртановты қамауға алу мерзімі 28 ақпанға дейін ұзартылды

Елжан Біртанов 2017 жылдың 25 қаңтарынан бастап 2020 жылдың 25 маусымына дейін Денсаулық сақтау министрі болды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қамауға алу мерзімі 28 ақпанға дейін ұзартылды. Бұл туралы КазТАГ агенттігіне экс-министрдің адвокаты Дмитрий Куряченко айтқан.

«Кеше сот отырысында оны қамауда ұстау мерзімін ақпан айының соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды», - деді экс-министрдің адвокаты.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 3 қарашасында Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөз қызметінің 3 қарашада берген мәліметіне сәйкес, Біртановқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды.

Елжан Біртанов 2017 жылдың 25 қаңтарынан бастап 2020 жылдың 25 маусымына дейін Денсаулық сақтау министрі болды. Ол қызметінен кетер алдында коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. Сол кезде Біртанов ауруы пневмонияға асқынғандықтан, оған қосымша емделу қажет екенін хабарлаған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары