21 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде қар жауады. Елдің оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын күтіледі, жекелеген өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) қатты жауатыны болжанады. Кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын, екпінді жел сақталады. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста, орталық пен шығыста көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ, 23-28 м/с дейінгі жел күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады, жел 15-20 м/с артады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады, 15-20 м/с екпінде жел тұрады.
Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Желдің күші Түркістан облысында 15-20 м/с, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с артатыны күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман, күндіз Маңғыстау облысында көктайғақ болжанады.