Карантиндік шараларға байланысты Алматы облыстық сотының жұмысы толығымен тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талдықорған қаласының санитарлық дәрігерінің бұйрығымен ғимаратта және облыстық соттың аумағында 20 қаңтар мен 2 ақпан аралығында карантиндік шаралар енгізілді. Осылайша соттың барлық жұмысы толығымен тоқтатылды, қызметкерлер қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылды.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлерінен басқаларының бәріне сот ғимаратына келуге қатаң тыйым салынады.
Осы мерзімге жоспарланған істер кейінге ауыстырылды.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 107-бабы "Апелляциялық шағым, прокурордың шешімдеріне тергеу судьясының санкцияларын беру" бойынша материалдарды судья Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қашықтықтан қарайды.