$ 494.87  520.65  4.91

Сенат жүргізуші куәлігі мен «техпаспортты» бірге алып жүруді талап ететін норманы алып тастауды мақұлдады

Заң жобасындағы өзгерістер шетелдік жүргізушілер мен шетелдік көлік құралдарына қолданылмайды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Сенат депутатттары жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті өзімен бірге алып жүруді талап ететін норманы қолданыстағы заңнамадан алып тастауды мақұлдады. Бұл туралы жоғары палатаның кезекті отырысында мәлім болды.

Бірқатар депутат әзірлеген жаң жобасында бұдан бөлек, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен, жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті өзімен бірге алып жүруді талап ететін нормалардың сақталмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастау да ұсынылған екен. Алайда, бұл заң тек қазақстандық жүргізушілерге қатысты болмақ.

«Заң жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар шетелдік жүргізушілер мен шетелдік көлік құралдарына қолданылмайды, яғни олар өзімен бірге барлық қажетті құжатты алып жүруге міндетті», - деді депутат Нұрлан Бекназаров.

Бастамашы депутаттардың атынан сөйлеген Сенат спикері елде тіркелетін жол апатына қатысты мәліметтерге де тоқталып өтті. Соңғы үш жылда елімізде 45 950 жол апаты тіркеліп, салдарынан 60 469 адам әр түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алып, 6 498 адам қаза тапқан. Спикердің айтуынша, негізгі себеп – техникалық жағдайдың талапқа сай келмеуі.

Сондай-ақ жолаушылар тасымалы көліктері де есікріген.

«Бүгінгі таңда елімізде әрбір үшінші автобус (90 603 бірліктің 32 959-ы) жиырма жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Осы орайда «Жол жүрісі туралы» заңына он жылдан аса пайдаланып келген автобустарды бастапқы тіркеуден өткізуге тыйым салатын түзету ұсынылады және бұл норманы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу көзделуде», - деді Нұрлан Бекназаров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары