20 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, Нидерланды, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь және Өзбекстан елдерінен 13 халықаралық әуе рейсімен 1270 жолаушы келді. Олардың қатарында 1012 жолаушыда теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтамасы болса, қалған 258 жолаушы тиісті анықтамасыз келген.
Оның ішінде:
Алматы әуежайына – 5 рейс (600 жолаушы, анықтамамен - 577, анықтамасыз – 23); Нұр-Сұлтан әуежайына – 5 рейс (483 жолаушы, анықтамамен - 249; анықтамасыз – 234); Атырау әуежайына – 1 рейс (127 жолаушы анықтамамен келді); Шымкент әуежайына – 1 рейс (1 жолаушы анықтамамен келді); Орал әуежайына – 1 рейс (59 жолаушы, анықтамамен - 58; анықтамасыз – 1).Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Айта кетейік, 19 қаңтарда анықтамасыз келген 202 ҚР азаматының үшеуінен коронавирус анықталды. Олардың біреуі Шарм-эль-Шейх қаласынан Қостанай әуежайына, біреуі Дубай қаласынан Алматы әуежайына, тағы бір жолаушы Франкфурт қаласынан Нұр-Сұлтан әуежайына ұшып келген.