$ 498.34  519.72  4.85

Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті

Үкіметке жетекшілік еткен Садыр Жапаровтың өкілеті тоқтатылды
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Садыр Жапаров премьер-министрлікті тапсырып, ел үкіметі отставкаға кетті. Бұл туралы Қырғызстан президенті аппаратының жетекшісі Сүйінбек Касмамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kg. 

«Үкімет толығымен отставкаға кетті. Бірақ олар үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндетін атқара береді», – деді Касмамбетов.

Еске салайық, 5-6 қазандағы оқиғалардан кейін Қырғызстанда жаңа үкімет жасақталып, оған Садыр Жапаров жетекшілік еткен. Алайда ол президенттік сайлауда жеңіске жеткендіктен, оның өкілеттігі тоқтатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары