«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы Ресейде бірнеше лаңкестік әрекеттер ұйымдастыруы мүмкін. Топ жетекшілері күні кеше осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды Reuters.
Лаңкестер түсірген 9 минуттық бейнероликте шөл далада дайындық жұмыстарынан өтіп жүрген содыр Ресей президенті Владимир Путинге үндеу жариялап, дінге бет бұрмаған бүкіл ресейліктерді үйлерінде өлтіретінін айтқан. Ол сондай-ақ, Ресей аумағындағы ДАИШ жақтастарын жиһадқа шығуға шақырды.Reuters агенттігінің хабарлауынша, аталған бейнероликті лаңкестер Telegram желісіндегі аккаунты арқылы жариялаған.
Айта кетейік, «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына Қазақстанда тыйым салынған.