$ 498.34  519.72  4.85

23-25 қаңтар аралығында ауа райы қандай болады?

Сондай-ақ, кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазгидромет 23-25 қаңтардағы ауа райына болжам жасады.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде республиканың солтүстік өңірлерінде қатты аяз болады.

"Салехард аудандарынан ығысатын суық антициклон Қазақстандағы ауа райына әсер етеді. Жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді деп күтілуде: оңтүстікте -10...-20℃ дейін, солтүстік өңірлерде -32...-40℃ дейін", -делінген хабарламада.

Сондай-ақ, кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Gismeteo.kz болжамынша, 22 қаңтарда Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, аздап қар жауады. Ауа температурасы түнде -20, күндіз -14 градус.

Алматыда күн бұлтты, сынап бағанасы түнде -11, күндіз -5 градусты көрсетеді.

Шымкентте де күн бұлтты, қар жауады, түнде -7, күндіз -2 градус суық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары