22.01.2021, 17:00

Алексей Навальный 13 жылға сотталуы мүмкін

Фото: bbc
2 ақпанда сот отырысы өтеді.

Ресей билігі оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды 13 жылға соттауға ниетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Bloomberg-ке сілтеме жасап хабарлайды.  

Басылым «Кремль Навальныйды бірнеше жыл түрмеде ұстауға ниетті» екенін жазады.

«Ол 2 ақпанда тағайындалған сот отырысында 3,5 жылға дейін сотталуы мүмкін. Тағы 10 жылға бас бостандығынан айыратын іс дайындалып жатыр», - делінген Bloomberg-те. 

Дереккөздер Кремль Навальныйды Батыс елдер Үкіметтерінің атынан жұмыс істейді деп айыптайды деп санайды.

«Билік Навальный бастаған наразылық қозғалысы ол түрмеге жабылған соң бағытын жоғалтады деп үміттенеді», - деп жазады басылым.

17 қаңтарда Навальный Германиядан Ресейге оралды. Шереметьево әуежайынан оны Химкидегі Ішкі Істер Органына апарды, онда дереу сот өтті. Оппозиционер 30 тәулікке қамауға алынды. 29 қаңтарда оның сынақ мерзімін бұзу және шартты мерзімді нақты мерзімге ауыстыру туралы отырыс өткізілуі керек еді. 14 қаңтарда Навальныйға қылмыстық-атқару инспекциясының бақылауынан жалтарғаны үшін іздеу жарияланғаны белгілі болды. Қараша айының соңында Навальныйға қатысты алғашқы іздестіру шаралары жүргізілді. «Ив Роше» қылмыстық ісіне сәйкес, саясаткер 3,5 жылға шартты түрде сотталды.