22.01.2021, 23:12

Елбасы Алтай Көлгіновті қабылдады

Әңгіме барысында білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше мән берілді.

Кездесуде елорда әкімі Елбасына қала құрылысындағы алдағы жоспарлар мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.

А.Көлгіновтің мәліметінше, 2020 жылы елорданы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды жобаларды іске асыру үшін 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды.

Әңгіме барысында білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше мән берілді.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының әкімі пандемия жағдайында елорданың шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау шаралары туралы айтып берді.