$ 494.87  520.65  4.91

Бетпердесіз суретке түскен семейлік шенеуніктер айыппұл арқалауы мүмкін

Сонымен бірге мамандар азаматтарға үндеу жасап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Семей қалалық мәслихаты депутаттарының медициналық маскасыз әрі арақашықтық сақтамай түскен суретіне қатысты ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті пікір білдірді, деп хабарлады arnapress.kz. 

Ведомствоның хабарлауынша, фотосессия жасалған сәтте өңірлік бас санитар дәрігердің қаулысы күшінде болған. Қаулыда жабық ғимараттарда міндетті түрде маска режимі мен кем дегенде 2 метр әлеуметтік арақашықтық талабы сақталу керек екені жазылған. Қазір аталған факті бойынша санитарлық дәрігерлер тексеріс жүргізуде.

"Нәтижесі бойынша кінәлі адамдарға ҚР Әкімшілік кодексінің 425 бабы, 1 бөлімі (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады", – деп хабардар етті департаменттен.

Сонымен бірге мамандар азаматтарға үндеу жасап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары