24.01.2021, 07:01

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 98 миллионнан асты

Фото: ашық дереккөзі
Коронавирустан 2,1 миллион адам қайтыс болды.

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 98 миллионнан асты. Ал қайтыс болғандар – 2,1 миллион адам, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Джонс Хопкинс Университетінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Құрама Штаттар жұқтырған және қайтыс болған адамдар саны бойынша көш бастап тұр, мұнда COVID-19 жұқтырған барлығы 24 млн 818 мың 779 адам анықталды, 414 мың 4 өлім тіркелді, 15 миллионға жуық адам емделді.

Пандемия басталғаннан бері расталған жағдайлардың саны 10 миллион 639 мың 684 құрады, қайтыс болғандар саны – 153 мың 184, 10,3 миллионнан астам адам сауығып кетті, жұқтырғандар саны бойынша Үндістан екінші орында.

Бразилия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде үшінші орында. Мұнда пандемия кезінде 8 миллион 753 мың 920 науқас тіркелді, 215 мың 243 адам қайтыс болды, 7,7 миллионнан астамы емделді.

Тегтер: коронавирус