Денсаулық сақтау министрлігі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 26 қаңтардағы ақпаратты жариялады.
26 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 134 адам короновирус инфекциясынан (15 467 КВИ+ және 11 667 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 576 пациент стационарда, 20 558 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
285 адамның жағдайы ауыр; 43 пациенттің жағдайы өте ауыр; 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.