26.01.2021, 09:40

«Былтыр Алматыға 88 мыңнан астам шетелдік келген» - ПД

фото: pixabay.com
Барлығы 117 миллион 074 мың 692 теңге көлемінде айыппұл салынды.

 Қаланың көші-қон қызметінің мәліметінше, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 64,6%-ға аз, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Алматы қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Сонымен қатар, өткен жылы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 16 мың 347 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, оның ішінде 1 мың 539 шетелдік болғанын хабарлаймын. 238 шетелдік азамат елден әкімшілік жолмен шығарылды. Сондай-ақ, 63 жұмыс беруші мен Қазақстанның 14 мың 808 азаматы әкімшілік жазаға тартылды. Барлығы 117 миллион 074 мың 692 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді, Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Спикер сонымен қатар, 2020 жылы шетелдіктер жасаған 301 қылмыс тіркелгенін атап өтті. Олардың ең көп саны Өзбекстан Республикасының азаматтарына тиесілі.