$ 494.87  520.65  4.91

Джо Байден трансгендерлердің әскерге баруына рұқсат берді

Байден сайлаудан кейінгі сөйлеген сөзінде трансгендерлер қоғамдастығына қолдау көрсеткен алғашқы президент болды.
Фото: washingtonblade.com
Фото: washingtonblade.com

АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байден Дональд Трамптың трансгендерлерге әскери борышын өтеуге тыйым салу туралы жарлықты алып тастады.

Ақ үй әскери қызметке жарамды барлық америкалықтар осындай мүмкіндікке ие болуы керек деп мәлімдеді. Байденнің айтуынша, гендерлік сәйкестік әскери қызметке кедергі болмауы керек.

"Американың күші әртүрлілікте. Трансгендерлер, егер олар білікті және қызметке жарамды болса, АҚШ армиясында қызмет ете алады", деді Джо Байден.

Жынысына қанағаттанбаған азаматтар алғаш рет Барак Обаманың кезінде Америка армиясында борышын өтеу құқығын алды.

Кейін Дональд Трамп бұл жарлықты «медициналық шығындар мен қолайсыздықтар» деп түсіндіріп, тыйым салды.

Джо Байден сайлаудан кейінгі сөйлеген сөзінде трансгендерлер қоғамдастығына қолдау көрсеткен алғашқы президент болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары