26.01.2021, 11:20

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын ашты

Шара барысында елдің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын ашты.

Отырыс барысында премьер-министр Асқар Мамин, Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшылары, бірнеше өңірдің, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әкімдері баяндама жасайды.

Шара барысында елдің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі. Сондай ақ, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мәлім болады.

Еске сала кетейік, 19 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Үкімет басшысы Президентке алдағы Үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық туралы айтты.