Денсаулық сақтау министрлігі 26 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
26 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы «қызыл» аймақта тұр: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.
Ал «сары» аймақта Қарағанды облысы бар.
Бүгінгі матрица Алматы облысының «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткен.