$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев қазақстандық вакцинаны салдыратынын мәлімдеді

"Вакциналау бойынша науқан ұйымдастырылған тәртіпте өтуі керек", - деді ол.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Адамдар ауыр жағдайдан шығудың жолы вакциналауға байланысты екеніне тоқталған Мемлекет басшысы, «Оны сапалы өткізу үшін барлық жағдайды жасау керек. Вакциналау бойынша науқан ұйымдастырылған тәртіпте өтуі керек. Үкіметке әкімдермен бірлесе толыққанды дайындықты қамтамасыз етіп, 1 ақпаннан жаппай вакциналауға кірісуді тапсырамын», - деді президент.

Сондай-ақ, Тоқаев отандық вакцинаны тестілеудің оңтайлы нәтижесіне сенім артатынын атап өтті.

«Осы жағдайда ол жақсы нәтижелер көрсетсе, мен дәл осы қазақстандық вакцинаны салдырамын», - деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары