$ 448.89  477.93  4.76

«Мені депутаттықтан ешкім айыра алмайды» - Ермахан Ибраимов (ВИДЕО)

"...Сондықтан мен бес жыл бойы халық не айтады, соны орындауға дайынмын", - дейді Ермахан Ибраймов.

Танымал боксшы Ермахан Ибраймов депутаттық бес жылында тек халықтың сөзін сөйлеуге дайын екендігін жеткізді. Бұл туралы ол ASSYLTAS TV ютуб арнасына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлады paryz.kz.

"Адамда қандай проблема бар, бәрін ашық түрде айта алатын депутаттар келді. Сондықтан, мен оған сенемін және өзім сондай бағытта жұмыс істеймін. Билікке сөз тиіп кетеді-ау, иә болмаса адал қызмет жасауға дайынмын. Қазір "Нұр Отан" партиясы тиіп кететін сөз айтып жіберсем, мені алып тастайды-ау деген ой жоқ. Бес жылға мені тағайындады. Бес жыл мені ешкім осы депутаттықтан айыра алмайды. Сондықтан мен бес жыл бойы халық не айтады, соны орындауға дайынмын", - дейді Ермахан Ибраймов. 

Еске сала кетейік, Ермахан Ибраймов биыл Алматы қаласы мәслихатының депутаты қызметіне тағайындалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары