Алматы облысында тас жолда қайғылы оқиға болды: жүк көлігі 8 жасар баланы қағып, мерт қылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Алматы облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.
Хоу жүк көлігінің қатысуымен болған жол апатында 8 жасар бала оқиға орнында көз жұмды. Бұл фактіге қатысты бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің қарамағында. Тергеу барысында барлық мән-жайлар анықталады, - деп нақтылады ведомствадағылар.