27.01.2021, 13:00

Синоптиктер 28-30 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады

Фото:elements.envato.com
Сондай-ақ температура айтарлықтай жоғарылайды.

Қазақстанның батысында күннің жылынуы болжанды. "Қазгидромет" синоптиктері 28-30 қаңтар аралығында үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Антициклон кезеңінің басында ауа райы еліміздің барлық аумағында жауын-шашынсыз сақталса, 29 қаңтардан бастап батыс өңірлерге Солтүстік-Батыс циклоны, ал 30 қаңтардан бастап Оңтүстік циклон оңтүстік аймаққа әсер етеді. Олар жаңбыр мен қар түсуіне себеп болады. Сондай-ақ температура айтарлықтай жоғарылайды", - деді метеорологтар.