28.01.2021, 00:11

Вакцина арқылы чип салу: министрлік жалған ақпарат тарататындарға ескерту жасады

фото: pixabay.com
Қазірдің өзінде вакцинация басталғанға дейін вакцинациядан кейінгі қолайсыз көріністер туралы жалған ақпарат таратылып жүр.

Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «вакцина арқылы чип салу» туралы ақпараттың негізсіз екенін мәлімдеді.

«Чиптеу» туралы сұрақтардың қойылатынын алдын ала біле отырып, бұл осындай фэйкті жариялайтын вакцинациялауға қарсыластардың негізсіз мәлімдемесі екенін атап айтамын. Сондай-ақ, қазірдің өзінде вакцинация басталғанға дейін вакцинациядан кейінгі қолайсыз көріністер туралы жалған ақпарат таратылып жүр. Сондықтан, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік (3000 АЕК-тен 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру) көзделгенін еске салғым келеді», - деді Бірінші вице-министр.

Сондай-ақ, М.Шоранов вакцинациялау кезінде БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу өте маңызды екенін айтты.