28.01.2021, 08:08

Сыртқы істер министрлігі 2020 жылдың жұмыс қорытындысын шығарды

Қазақстанның сыртқы саясатын одан әрі іске асыру жөніндегі іс-шаралар кешені айқындалды.

 Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен ведомствоның басшылық құрамының қатысуымен алқа отырысы өтті

Министрліктің 2020 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, Қазақстанның сыртқы саясатын одан әрі іске асыру жөніндегі іс-шаралар кешені айқындалды. Мемлекет Тәуелсіздігінің алдағы 30 жылдығына ерекше назар аударылып, сыртқы саяси бастамаларды ілгерілету және Халықаралық аренада ұлттық мүдделерді қорғау жөніндегі шаралар талқыланды.