Денсаулық сақтау министрлігі 28 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады.
«26 қаңтарда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 83 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 88 адам емделіп шықты», - делінген хабарламада.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 47658, 564 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 35436 жетті.