$ 446.49  475.38  4.79

«Аэрофлот» әуекомпаниясы Қазақстанның бірнеше қаласына рейстерді тоқтатты

Әуе билеттерін "Аэрофлот" сату кеңсесінен немесе агенттіктен сатып алған жолаушылар ақшасын қайтару мәселесі бойынша сатып алған орнына хабарласуы қажет.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

"Аэрофлот" әуекомпаниясы пандемияға байланысты тұрақты халықаралық рейстердің ұшу бағдарламасына өзгерістер енгізді. Бұл туралы әуекомпания сайтындағы хабарламада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

28 наурыз бен 30 сәуір аралығында Мәскеуден Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларына рейстер тоқтатылды.

"Әуекомпания сайты немесе байланыс орталығы арқылы аталған бағыттарға билет сатып алған жолаушыларға билет ақысы төлеу нысаны және қолданыстағы қағидаларға сәйкес автоматты түрде қайтарылады. Әуе билеттерін "Аэрофлот" сату кеңсесінен немесе агенттіктен сатып алған жолаушылар ақшасын қайтару мәселесі бойынша сатып алған орнына хабарласуы қажет", - деп хабарлады компания.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары