29.01.2021, 00:20

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

фото: 24.kz
Респубиканың бірқатар облысында көктайғақ болып, қалың тұман түседі.

Еліміздң бірнеше облысында көктайғақ пен тұманға байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды  «Қазгидромет».   

Атап айтқанда, 29 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 17-22 м/с жетеді. Ақтау қаласында түнде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.

29 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Атырау қаласында түнде көктайғақ болып, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді.

29 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, қөктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

29 қаңтарда Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.

29 қаңтар-2 ақпанда Жамбыл облысында кей жерде тұман түседі. 1-2 ақпанда кей жерде көктайғақ болады. 29 қаңтар-2 ақпанда кей жерде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, 30 қаңтар-1 ақпанда екпіні 23-28 м/с болуы мүмкін.