Қазнетте Кенесары ханның ұрпағы болуы мүмкін шіркеу қызметкерінің киіміндегі ер адамның суреті пайда болды, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық поталы.
Саясаттанушы Самат Нұртазаның Facebook-тегі парақшасында жариялаған суреті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
Суреттегі ер адамның бірі - иеромонах Серафим, шын есімі Денис Анатолийұлы Кенесарин.
"Суреттегі жас батюшка кім деп ойлайсыз? Бұл иеромонах - Серафим әкей. Шын есімі Денис Анатолийұлы Кенесарин. Кенесары ханның үшінші ұлы Ахмет сұлтанның ұрпағы. Ахметтен – Әзімхан, Әзімханнан - Мадияр, Мадиярдан – Анатолий, Анатолийден – Денис (Серафим) дүниеге келеді.
Айтпақшы Әзімхан Кенесарин атақты Алаш қайраткері. Сталин заманында репрессияға ұшыраған. Әзімхан Кенесарин түрмеде отырғанда, немересінің есімі Анатолий болатынын ойламаған шығар ...", - дейді пост авторы.