$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда блокпост қойыла ма?

Қазір осы мәселеге байланысты критерийлер айқындалды.
Фото: kursiv.kz
Фото: kursiv.kz

Осы сауалға Atameken Business телеарнасының тікелей эфирінде қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір осы мәселеге байланысты критерийлер айқындалды. Қазір Алматыдағы аурушаңдық көлемі блокпост қоюды немесе әуе қатынасын тоқтатуды талап етпейді. Қазір қабылданып отырған шектеу шаралары вирустың таралуының алдын алуға жеткілікті», - деді Жандарбек Бекшин.

Айта кету керек, Алматы қаласы қызыл аймаққа енуіне байланысты қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы қабылдаған болатын. Қаулыға сәйкес сауда, ойын-сауық орталықтары мен базарлар сенбі-жексенбі күні жұмыс істемейді. Ал кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар, жаңа қаулыға сәйкес енді коронавирус жұқтырған адамдар ауруханаға жатып емделеді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары