$ 444.22  476.38  4.82

COVID-19: Павлодар облысына 20 санитарлық бекет қойылатын болды

Яғни бір тәулікте өңірде 296 тұрғыннан COVID-19 анықталған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймаққа енген Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев тұрғындарға үндеу жасады. Ол өңірде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты енгізілген шектеу шаралары туралы айтты деп хабарлайды облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті. 

Батырбек Әлиевтің сөзінше, 1 қаңтардан бастап облыста коронавирус жұқтырған 3714 адам тіркелген. 29 қаңтарда сырқаттанушылық бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелген. 

Яғни бір тәулікте өңірде 296 тұрғыннан COVID-19 анықталған. 

Қызыл аймаққа облыстың 9 ауданы мен 3 қаласы енген. Осы орайда облыста эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты бірқатар шаралар қабылданды. 

Мысалы демалыс күндеріндегі локдаун, ұжымдардың 80 пайызының қашықтықтағы жүйеде жұмыс істеуі, адамдардың көп жиналуын болдырмау мақсатында әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмыс кестесін шектеу, мектеп оқушыларының қашықтықтан оқуы, 65 жастан асқан адамдардың жүріп-тұруын шектеу және басқалары. 

23 қаңтардан бастап облысаралық, облысішілік, қалааралық (Павлодар-Ақсу-Павлодар бағытымен біріктірілген Ақсу-Павлодар-Ақсуды қоспағанда), ауданаралық автобус, шағын автобус жолаушылар тасымалын тоқтатылған. 

Барлық сауда объектілерінде, қоғамдық көліктерде, таксилерде, өндірістік аймақтарда, лифт кабиналарында, ұйымдарда және басқа да қоғамдық орындарда ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарын орындай отыра, санитарлық-дезинфекциялық өңдеу шараларын күшейту ұсынылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары