$ 494.87  520.65  4.91

Садыр Жапаровтың баспасөз қызметінің басшысы ұсталды

мемлекеттік басқарушы қызметтердің біріне үміткер тұлғадан аса ірі көлемдегі ақшалай қаражатты бопсалаған.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Мемлекеттік қызметке орналастыру үшін тұлғадан пара бопсалағаны үшін Қырғызстан республикасы Президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімінің меңгерушісі Нұрғазы Анарқұлов ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен хабарлағандай, Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің басшысы қызметтік өкілдігін теріс пайдаланып, жеке материалдық баю мақсатын көздеп, мемлекеттік басқарушы қызметтердің біріне үміткер тұлғадан аса ірі көлемдегі ақшалай қаражатты бопсалаған.

Аталған факті бойынша МҰҚК Бас тергеу басқармасы Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 326-бабымен (пара алуға бопсалау) қарастырылған қылмысбелгілері бойынша сот алдындағы тергеу амалдарын бастады.

«2021 жылдың 30 қаңтарында өткізіліп жатқан жедел-тергеу іс-шараларының аясында азамат А.Н.С. ұсталып, ҚР МҰҚК Бас тергеу басқармасына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары