$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық танымал журналист Михаил Дорофеев қайтыс болды

Бұл хабарды «Қазақстан журналистері» тобы мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі растады
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық интернет порталының бас редакторы Михаил Дорофеев қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл хабарды Facebook-тегі «Қазақстан журналистері» тобы мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі растады.

М. Дорофеев журналистикадағы жолын Атырау облысында бастап, республикалық медиада – КТК телеарнасында, «Экспресс К», «Город» және «Мегаполис» газеттерінде (бас редактордың орынбасары) жалғастырған. Республикалық телеарналарда басшылық қызметтер атқарды, оның ішінде «Астана қ. телевизиясы» ЖШС Бас директоры және «Эра» телекомпаниясы» ЖШС бас продюсері болып жұмыс істеген. Әр жылдары «Портрет недели» (КТК), «Формула личности» (Қазақстан, Астана-ТВ), «Тема» («Астана» телеарнасы), «Открытый диалог» (Хабар) телевизиялық бағдарламаларының жүргізушісі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары