31 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігі антициклон әсерінде болады, жауын-шашын жаумайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, ертең Қазақстанның батысында және оңтүстік-батысында фронттардың әсерінен жауын-шашын жауады, көктайғақ болады.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді.
Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел екпіні -15-20 м/с.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысында түнде көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел жылдамдығы күндіз 23 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Облыстың оңтүстік-шығысында жел екпіні -15 м/с.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 28 м/с жетеді.