$ 494.87  520.65  4.91

COVID-19: Гүлшара Әбдіқалықова да вакцина салдырды

Егу жұмыстары I кезеңде медицина саласының қызметкерлеріне, оның ішінде қабылдау, жұқпалы аурулар бөлімінің, жансақтау және хирургиялық бөлім қызметкерлеріне жүргізілмек.

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қалалық №3 емханада коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды. 1 ақпаннан бастап Қазақстанда ерікті түрде коронавирусқа қарсы вакциналау жұмыстары басталды.

«Мен бүгін ерікті түрде өзіме екпе ектірдім. Дәрігер мамандар екпеден кейін ине салынған орынға су тигізбеуге және егу орнын жылы ұстауға кеңес берді. Мамандар кеңесіне сәйкес әрекет ететін боламын. Мына әлемді жайлаған індеттің таралу қаупін тек екпе салдыру арқылы ғана төмендете аламыз! Сол себепті барша халықты коронавирустан қорғану үшін екпе салдыруға шақырамын», - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Егу жұмыстары I кезеңде медицина саласының қызметкерлеріне, оның ішінде қабылдау, жұқпалы аурулар бөлімінің, жансақтау және хирургиялық бөлім қызметкерлеріне жүргізілмек. ІІ кезеңде мұғалімдерге және жұқтыру қаупі неғұрлым жоғары болып саналатын жұмыс орындарының қызметкерлеріне салынатын болады.

Қызылорда облысының халқына алғашқы кезеңде 80 000 доза вакцина салынады деп күтілуде. Өңірге ресейлік «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Қалғаны кезең-кезеңімен келетін болады. Бұл жұмыстарға алғашқыда №1, №3 және №6 қалалық емханалардан 3 егу кабинеттері дайындалды және екпе жұмыстарын жүргізуге облыс бойынша барлығы 133 мейірбике, 89 дублер тартылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары