$ 494.87  520.65  4.91

8 мыңнан астам адам зейнетақы қорындағы жинақтарының бөлігін алып үлгерді

БЖЗҚ мақұлданған қаражатты жинақтаушының арнайы шотына 5 жұмыс күні ішінде аударады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

8 мыңнан аса қазақстандық зейнетақы қорындағы жинақтарының бір бөлігін алды. Бұл туралы «Отбасы банктің» баспасөз қызметінен хабарланды.   

Дәлірек айтқанда, 8 693 азаматтың өтініші мақұлданып, олардың бүгінде банкте ашқан арнайы шоттарына тиісті қаражаттары түсіп үлгерді.⠀

Белгілі болғандай, «Отбасы банк» біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсатты пайдалануға арналған өтінімдерді екі жұмыс күні ішінде қарайды. Ал БЖЗҚ мақұлданған қаражатты жинақтаушының арнайы шотына 5 жұмыс күні ішінде аударады. 

«Ақша түскеннен кейін - жеке кабинеттегі ақпарат жаңартылады және 45 күн ішінде құжаттарды жүктеп тізімнен банкті таңдау мүмкіндігі пайда болады. enpf-otbasy.kz жеке кабинеті арқылы жүктелген файлдар мақұлдағаннан кейін қабылдаушы тарапқа: сатушыға/банкке/ипотекалық ұйымға 10 жұмыс күні ішінде көрсетілген реквизиттерге қаражат аударылады», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары