01.02.2021, 23:19

Еліміздің 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: ашық дереккөз
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

2 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында түнде көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде күші 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының кейжерлерінде тұман, көктайғақ болады. Атырау қаласында түнде және таңертең 2 ақпанда тұман, көктайғақ болады.