$ 448.89  477.93  4.76

Алматы облысында жан түршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты

Алматы облысында ірі жол көлік оқиғасы орын алды деп хабарлайды СТВ телеарнасының тілшілері.

Жол апаты Алматы-Астана тас жолының 32-шақырымында орын алған. Алдын ала болжам бойынша, Mitsubishi Galant көлігінің жүргізушісі Шамалған станциясына қарай жүріп келе жатып, белгісіз себептермен жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Салдарынан, Toyota Corolla маркалы көлігімен бетпе-бет соқтығысты. Апаттан алты адам оқиға орнында көз жұмса, бір кішкентай бала ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Қазір оқиға орнында Алматы облысының полицейлері жұмыс істеп, апаттың қалай болғанын зерттеп жатыр.

"Жол көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында полиция қызметкерлері түрлі шаралар өткізсе де, жүргізушілердің жол ережесін сақтамауынан осындай қайғылы оқиғалар жиі орын алуда", - дейді тәртіп сақшылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары