02.02.2021, 21:40

Астанадағы карантин бойынша жаңа қаулы шықты

фото: tengrinews.kz
Жаңа қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Астана қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың карантин туралы жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жаңа қаулыға сәйкес, Астанада сауда және ойын-сауық орталықтарының, кафелер мен мейрамханалардың, фитнес-орталықтардың, автобустар мен базарлардың жұмыс кестесі өзгереді.

Жаңа қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

2 ақпандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ШҚО, Атырау, Қостанай және Қарағанды облыстарымен бірге "сары" аймақта орналасқан. "Қызыл" аймақта - Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.