$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандықтар бұрынғыдан көбірек арақ іше бастаған

Арақ Қазақстаның барлық аймағында қымбаттаған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Коронадағдарыс» кезеңінде қазақстандықтар бұрынғыдан көбірек арақ іше бастаған. Бұл бағытта зерттеу жүргізген energyprom.kz былтыр арақ сатылымы мен ликерлі-арақ өнімдерінің өндірісі 20 пайызға артқанын анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылдың қаңтары мен желтоқсаны аралығында арақ өндірісі 2019 жылмен салыстырғанда 14 пайызға немесе 22,2 млн литрге артқан. Ал 2019 жылғы көрсеткішті алып қарасақ, 2018 жылы бұл көрсеткіш (өндіріс көлемі) 38,7 пайызға азайған еді. Қазіргі уақытта Қазақстанның 17 өңірінің 6-да арақ өндірісі жолға қойылған. Әсіресе Ақмола облысында басқа өңірлерден қарағанда (7,5 млн литр) көбірек өндіріледі. Одан кейін орындарда Солтүстік Қазақстан (5,6 млн литр) мен Алматы облысы (3,7 млн литр) тұр. Одан соң Шымкент қаласы (845 мың литр) орналасқан. Одан бөлек Алматы мен Ақтөбе облыстарында 4,6 млн литр арақ шығарылады», - делінген зерттеуде.

Бөлшектеп сатқан кезде елде арақтың бір литрінің орташа бағасы 3203 теңгені көрсетіп тұр.

«Ең қымбат арақтар ірі қалалар мен мегаполистерде сатылады. Елордада арақтың литрінің орташа бағасы 3962 теңге. Бағаның қымбаттығы жағынан одан кейін орындарда Атырау (литрі 3931 тг ) мен Ақтау (литрі 3578 тг) тұр. Ең арзан арақ Семей (литрі 2698 тг), Өскемен (литрі 2702 тг) және Таразда (литріне 2736 тг) екен.

Арақ Қазақстаның барлық аймағында қымбаттаған. Бұл фактор әсіресе Қызылорда және Көкшетау, Қарағанды қалаларында байқалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары