03.02.2021, 13:00

4-6 ақпан аралығында ауа райы қандай болады?

Фото: elements.envato.com
Метеорологтардың мәліметінше, ылғал мен жылу қоры мол Атлантикалық циклон Қазақстан аумағына ығысады.

Қазақстанда күн жылиды. "Қазгидромет" синоптиктері 4-6 ақпанға арналған үш күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Метеорологтардың мәліметінше, ылғал мен жылу қоры мол Атлантикалық циклон Қазақстан аумағына ығысады.

"Ол өзімен бірге жауын-шашын әкеледі, тіпті солтүстік аймақтарда қардың соңы жаңбырға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ көктайғақ, тұман және бүкіл ел бойынша температуралық фон көтеріледі деп күтіледі", - делінген хабарламада.