$ 446.49  475.38  4.79

«Вакцина салмасаң – жұмыстан қуамыз!» - талдықорғандық бастықтар

Қызметкерлерінің екпеден бас тартуы мен сол үшін сөгіс алғысы келмейтін емхана басшылығы "қырсыққан" қызметкерлерін жұмыстан қуамыз деп қорқытып жатқан көрінеді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Талдықорғандағы №2 емханада "Спутник V" вакцинасын салдыртқан мейірбике қыздың бірі екпеден кейін есінен танып қалған екен. Бұл жағдайдан кейін осы емханада кей дәрігерлер екпе алудан бас тартқан.

Қызметкерлерінің екпеден бас тартуы мен сол үшін сөгіс алғысы келмейтін емхана басшылығы "қырсыққан" қызметкерлерін жұмыстан қуамыз деп қорқытып жатқан көрінеді. Бұл туралы қазақстандық Exclusive.kz басылымына әлгі емханадағы дереккөз хабарлаған екен.

"Емхана қызметкерлері қиын жағдайда тұр. Медбикелерге "жұмыстан шығарамыз" деп ашық ескертті. Көбі қазір жұмыстан кетуге дайын отыр", деген екен дереккөз.

Ал екпеден кейін есінен танған медбике алдымен көпбейінді ауруханаға жеткізіліп, одан кейін облыстық ауруханадан бірақ шыққан.

Алматы облысының Қоғамдық денсаулық басқармасы есінен танған әйелдің қазір үйіне жеткізілгенін, оның бар-жоғы "тым қатты толқып кеткенін" айтады. Оған "Спутник V" вакцинасы салынған, өйткені емханада одан басқа вакцина жоқ.

Ал министрлік не дейді?

Олардың ресми жауабы: "вакцинадан бас тартқандарды жұмыстан шығаруға ешкімнің құқығы жоқ, мұндай жағдайлар болып жатса, міндетті түрде бізге хабарласуды сұраймыз".
Талдықорғанда 1 ақпанда 15-ке жуық адам стадионның жанында халықты жаппай вакциналауға қарсы рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырып үлгерген. Полиция олардың ішінен 10 адамды ұстады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары