$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Президент Ұлттық банк басшысына бірқатар тапсырма берді.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысына биылғы қаңтар айындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы, Ұлттық қордың алтын-валюта резервтері мен активтерінің жай-күйі туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік экономиканың қалпына қайта келу үрдістері, 2020 жылғы төлем балансын алдын ала бағалау, инфляция мен валюта айырбастау бағамының қазіргі жағдайы жайында ақпарат берілді.

Сондай-ақ Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты.

Президент кездесу қорытындысы бойынша Ұлттық банк басшысына бірқатар тапсырма берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары