$ 444.22  476.38  4.82

Елордадағы СОСО-ы мен сауда үйлерінің қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

Тұрғындар санитарлық талаптар мен нормаларды қатаң сақтауы керек. Маска режимі, әлеуметтік қашықтық міндетті түрде сақталуы тиіс.

Елорданың сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмыс уақытын сағат 23:00-ге дейін ұзартты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова карантиндік және шектеу шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды.

Сонымен 2021 жылғы 2 ақпандағы жаңа қаулыға сәйкес бизнес-орталықтар, іскерлік үйлер, сондай-ақ оларда орналасқан объектілер жексенбіден басқа, жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып жұмыс істей алады.

Сенбі күндері сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері де жұмысын жандандырады. Бір келушіге 4 м2 есебінен аспайтын, толымдылығы 30%-дан аспайтын тәртіпті сақтаған кезде бұл объектілер жексенбіден басқа, яғни жұмыс күндері мен сенбі күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Ескерте кетейік, тұрғындар санитарлық талаптар мен нормаларды қатаң сақтауы керек. Маска режимі, әлеуметтік қашықтық міндетті түрде сақталуы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары