04.02.2021, 14:40

Қайтыс болған олигархты жерлеуге еліміздің шенеуніктері арнайы бармақ

Фото: ашық дереккөз
Қазақстанның бай адамдары тізімінде 5-орында тұрған миллиардерді туған жері Қырғызстанда жерлейді.

Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктер тобы қазақстандық олигарх Алиджан Ибрагимовты жерлеу рәсіміне қатысу үшін Қырғызстанға арнайы ұшақпен барады, деп хабарлады ҚазТАГ.

"Ибрагимовті жерлеу рәсіміне қатысу үшін Бішкекке 21.00-ге арнайы ұшақ ұйымдастырылған", - деп хабарлады агенттік тілшісі.

Сұхбаттасушының айтуынша, миллиардерді жерлеу рәсіміне Қазақстан Үкіметінің өкілдері қатысады деп болжануда.

"Нұр-Сұлтандағы адамдардың бір бөлігін Қырғызстанға Мәскеуден ұшатын ұшақ алып кетсе, қалғанын біздің қазақстандық ұшақ апарады", - деп хабарлаған жағдаймен таныс дереккөз ҚазТАГ-қа.

Еске сала кетсек, Қазақстандық олигарх, Eurasian Resources Group компаниясы тобының бас акционерлерінің бірі, Eurasian National Resources Corporation (ENRC) ортақ иеленушісі Алиджан Ибрагимов 3 ақпан күні Белгияда көз жұмған болатын. Қазақстанның бай адамдары тізімінде 5-орында тұрған миллиардерді туған жері Қырғызстанда жерлейді.