$ 494.87  520.65  4.91

Желіде президенттен көмек сұраған жас қыздың ВИДЕОсы тарады

Бүгінде қыздың анасы бала асырау құқығынан айырылған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде президент пен құзырлы органдардан көмек сұраған жас қыздың видеосы тарады. Ол өзін бұрынғы учаскелік полицей зорлағанын мәлімдеп, орнына кінәсіз адамның 10 жылға сотталып кеткенін мәлімдеді.

Qumash арнасында жарияланған видеода 16 жастағы қыз үш жыл бұрын жүкті болып, заңсыз түсік жасатуға мәжбүр болғанын айтады. Оның сөзіне қарағанда, жергілікті учаскелік полицей зорлаған. Сосын кінәсіз адамға қарсы жалған мәлімет беруге міндеттеді. Осылайша, еш кінәсі жоқ адамды түрмеге қамап тастады.  

"2019 жылы маған адамды аяқтан шалуға өтініш жасалды. Қазір ол кісі түрмеде отыр. Оған жамандық жасауға Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы Петропавловка ауылының бұрынғы учаскелік полицейі мәжбүрледі. Себебі ол маған билік жүргізді, менімен жыныстық қарым-қатынаста болды. Сол кезде 13 жаста болдым. Қарым-қатынас зорлықпен қызметтік көлікте жасалды. Өзара келісім болған жоқ", - дейді ол.

Бүгінде қыздың анасы бала асырау құқығынан айырылған. Үш жыл бұрын қатты ішкен. Әкесі жоқ. Тұрмысы төмен отбасы болғаннан кейін учаскелік полицей жиі келіп тұрған. Ал қыз жүкті болған соң анасының арақ ішкенін пайдаланып, түсік жасатуға арыз жаздыртып алды. 

"Түсікті заңсыз жасады. Одан кейін анамды бірден бала асырау құқығынан айырды. Учаскелік полицей барлық кінәні басқа адамға жабуға міндеттеді. Мені зорлады, одан бала таптым деп айтуды бұйырды. Маған қысым жасады, қорқытты. Сол себепті қарсы шыға алмадым. Куәгерлерді де көндірді. Кінәсіз адамды 10 жылға отырғызып тастады", - дейді жас қыз.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті осы оқиға бойынша түсініктеме берді. Ресми мәліметке сәйкес, 2018 жылы аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары атқарылды.

"Күдіктінің ұрығына геномдық сараптама және ДНҚ-ға салыстырмалы талдау тағайындалды.  Бұдан басқа, барлық фактілер - куәгерлердің айғақтары және жүргізілген сараптамалар сотталған адамның осы қылмысқа қатыстығын дәлелдейді", - деді құқық қорғаушылар.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол апелляциялық шағым түсірген. Алайда сот бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары