05.02.2021, 14:20

Шымкентте шенеунік 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Олар Шымкент қаласының 49 500 га (1:500 масштабта) топографиялық түсірілімі бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу кезінде 498 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

26 қаңтарда Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ж.Байымбетов орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеумен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды (ҚК 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы, 218-бабының 3-бөлігі 1,3 тармағы.).

Сондай-ақ, сот үкімімен «ИнвестСтройПроект ЛТД» ЖШС директоры А.Айтбаев орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеумен 10 жылға материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды (ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы).

Олар Шымкент қаласының 49 500 га (1:500 масштабта) топографиялық түсірілімі бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу кезінде 498 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Тегтер: шенеунік