$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстан темір жолының» лауазымды қызметкерлері парамен ұсталды

Олар 100 мыңнан 5 млн теңгеге дейін пара алып отырған
Фото: zhanaru.kz
Фото: zhanaru.kz

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Жемқорлық жағдайлары «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та да жиі кездеседі. Ол компаниядағы жекелеген жетекшілер вагондарды кедергісіз өткізу үщін кәсіпкерлерден ірі көлемде пара алып келген. Мұндай жағдайлардың Алматы, ШҚО, Қостанай, Ақмола, Қызылорда, Павлодар облыстары мен Шымкентте тіркелді», – деді спикер Агенттіктің онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша жемқорлар өздері ұйымдастырған қылмыстық жоспардың арқасында едәуір байып алған. «Пара көлемі 100 мың теңгеден бастап 5 миллион теңгеге дейін болған. Бұл істерде ондаған миллион теңгенің жағдайлары тергелуде», – деді Данияр Бекайдаров.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары