Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жемқорлық жағдайлары «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та да жиі кездеседі. Ол компаниядағы жекелеген жетекшілер вагондарды кедергісіз өткізу үщін кәсіпкерлерден ірі көлемде пара алып келген. Мұндай жағдайлардың Алматы, ШҚО, Қостанай, Ақмола, Қызылорда, Павлодар облыстары мен Шымкентте тіркелді», – деді спикер Агенттіктің онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша жемқорлар өздері ұйымдастырған қылмыстық жоспардың арқасында едәуір байып алған. «Пара көлемі 100 мың теңгеден бастап 5 миллион теңгеге дейін болған. Бұл істерде ондаған миллион теңгенің жағдайлары тергелуде», – деді Данияр Бекайдаров.